Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры»  МКҚК

Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК

2010 жылы желтоқсан айының 29 жұлдызында қала әкімінің қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК құрылды. Бұл елордамыздың мәдени–рухани өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды.          

Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» репертуары көне аңыз-ертегілермен қатар шет елдік және төл заманауи туындыларды жаңғыртумен толығып келеді. Мысалы, Қ. Ешмұратованың «Махаббат туралы аңыз», М. Тойбаевтың «Сиқырлы сөздер», А. Салаеваның «Менің салған суретім», «Мен сияқты жаса», «Байқа жолда балақай», С. Жүнісовтің «Атамекен», Жапон халық ертегісі «Жаңғырық туралы ертегі», Т. Хасанғалиеваның «Орманда болған оқиға», «Ана құдіреті», Қазақ халық ертегісі «Қаңбақ шал», Е. Жуасбектің «О, тоба», И.Миччи, Дж. Робертс, Л. Вульвертонның «Арыстан патша», З. Сагалов пен Л. Жадановтың «Сарбаздың бақырашы», Г. Х. Андерсеннің «Қайта оралған Су перісі», Х. Юрковскийдің «Сен ол мен», Н. Шуваловтың «Ағайынды гномдар», Қ. Ежембектің «Жалқаудың айласы», «Ер Төстік», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымдарын айтуға болады.

Өз көрермендеріне керемет көңіл-күй мен қуаныш сыйлайтын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» өз репертуарын күн сайын қызықты туындылармен жаңартып отырады!
        

Бару ұсынылады