
- «Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ
«Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 321 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (əрі қарай – Ұлттық орталық) болып құрылды. Мекеменің салтанатты ашылу рəсімі 2017 жылы 10 маусымда («EXPO-2017» Халықаралық көрмесі аясында) өтті.
Бұл ұйым көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды іздеу, қалпына келтіру, сканерлеу жəне сақтау мақсатында құрылған. Орталық қалпына келтіру жұмыстары мен цифрландыру үшін соңғы технологиямен жабдықталған.
Салыстырмалы түрде штат құрамы шағын болса да, өз саласының білікті мамандары белсенді жұмыс істейді. Атап айтқанда, тарих ғылымдарының докторлары, көне тілдегі лингвистер, реставрация бойынша үздік мамандар (шетелдік жетекші орталықтарда білім алған). Бүгінгі күні Орталық халықаралық аренада өз беделін қалыптастырды. Орталық базасында саланы сақтауға жəне насихаттауға бағытталған көптеген ғылыми іс-шаралар (конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, семинарлар, шеберлік сабақтары, материалдарды жариялау жəне т.б.) өткізіледі.
Ұлттық орталықта 5 бөлім жұмыс атқарады:
1) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі;
2)Реставрация жəне консервация бөлімі;
Қор туралы
Қазіргі таңда қордағы кітаптардың жалпы саны 9 мыңнан асады. Оның ішінде 2000-ға жуық данасы ерекше құнды кітаптар. Қордың 300-ден астам бірлігін 19-20 ғасырларда жарық көрген араб, парсы, түркі шағатай, көне өзбек, татар тілдеріндегі ойшылдардың, ғалымдардың және басқа да авторлардың сирек кітаптары құрайды.Сонымен қатар, 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында төте жазуында, латын графикасында жарық көрген кітаптар; қазақ ағартушылары мен ғалымдарының еңбектері, батыс және орыс зерттеушілерінің еңбектері; 1880-1916 жылдар аралығындағы Ақмола, Торғай, Сырдария, Орал, Семей, Жетісу облыстары бойынша егіншіліктің, демографияның, мал шаруашылығының және басқа да салалардың дамуын сипаттайтын статистикалық шолулар; ПетрI мен Екатерина II тұсында жарияланған және 1830 жылдары қайта шығарылған Ресей империясының заң кодекстері; миниатюралық кітаптар жинағы, сонымен қатар сөздіктер мен энциклопедиялар табылады.
· Шығыс тілдеріндегі қолжазбалар мен сирек кітаптар (ІХ ғ. – ХХ ғ. басы)
· Областар бойынша статистикалық шолулар (1883-1915 жж.)
· Ресей империясының заңдар жинағы (1930-1892 жж.)
· Төте жазу немесе қазақ тілінде араб графикасымен жазылған кітаптар (1920-1956 жж.)
· Латын қарпіндегі әдебиеттер (1934-1952 жж.)
· Абай Құнанбайұлының еңбектері (1934-2017 жж.)
· Шағын кітаптар (1975-2005 жж.)
Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін арнайы жұмыс кестесі, демалыс жəне мереке күндері орталық толық жабылады.