Шетелдіктердің көлікті иелену және басқару құқығы

Автомобильді әкелу кезінде декларациялау

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында тіркелгендерді қоспағанда, Қазақстан мүшесі болып табылатын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары кедендік декларациялауға жатады ("ҚР-дағы кеден ісі туралы"ҚР Кодексінің 467-бабы).

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын қолдану арқылы жазбаша нысанда жүргізіледі ("ҚР кеден ісі туралы"ҚР Кодексінің 467, 468-баптары).

Автомобильді уақытша әкелу мерзімі

Шетелдік жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік аумағына шет мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзінің уақытша болу мерзіміне, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге уақытша әкелуге құқылы.

Уақытша әкелу мерзімін ұзарту

Шетелдік жеке тұлғаның дәлелді өтініші бойынша жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін кеден органдары осындай көлік құралдарын уақытша әкелген күннен бастап 1 жыл шегінде ұзартуы мүмкін.

Уақытша әкелу кезінде кеден баждары төлене ме?

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылады.

Уақытша әкелінген автомобильді басқа адамға пайдалануға беруге бола ма?

Кеден одағының кедендік аумағында жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын басқа тұлғаға беруге оларды кедендік декларациялау және Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу шартымен жол беріледі.

Уақытша әкелінген автомобильді әкету

Жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген автомобиль Кеден одағының кедендік аумағынан кез келген кеден органы арқылы кері әкетілуі мүмкін.

Көлік құралын еркін айналым режимінде әкелу

ҚР аумағынан тыс тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер ғана ҚР кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған автокөлікті уақытша әкеле алады.

Тұрақты тұратын шетелдіктің автомобильді тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге Көлік құралдарын тіркеу жалпы негізде жүргізіледі. Тіркеу автокөлік иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

Шетелдіктерге тиесілі көлік құралдарына сары фонда арнайы нөмірлік белгілер беріледі.

ҚР тіркелген автомобильді шетелдіктің сенімхат бойынша басқаруы

Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдарын жүргізу құқығына сенімхаттар беруде қолданыстағы заңнамада шектеулер жоқ. Сондықтан шетелдік бар болса, ҚР-да есепте тұрған автомобильді кедергісіз басқаруға құқылы:

тұрақты тұратын немесе уақытша тұратын;
жүргізуші куәлігі: қазақстандық немесе халықаралық үлгідегі.
Жадынаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы дайындады