- «Тәңір нұры» Рафаэль Слекеновтың жеке көрмесі
«Тәңір нұры» Рафаэль Слекеновтың жеке көрмесі
2024 жылғы 18 мамыр күні ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығының аясында Ұлттық музейде Рафаэль Слекеновтың «Тәңір нұры» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Көрменің мақсаты – есімі мен өнері бүкіл әлем бойынша кеңінен танымал Рафаэль Слекеновтың шығармашылығымен таныстыру.
Рафаэль Слекенов – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының корреспондент-мүшесі, «Тарлан» сыйлығының иегері, Польша Мәдениет министрлігінің стипендиаты. Шебер еліміздің атынан талай рет халықаралық аренада өнер көрсетіп, еліміздің имиджін арттыруға зор үлес қосты.
«Тәңір нұры» көрмесі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен ұштасқан Р.Слекенов шығармашылығының ретроспективасын ұсынады. Көрмеге суретшінің 80 туындысы қойылған. Көрменің идеясы – көрерменге адамның жан тазалығының, қарапайымдылығының сұлулығын, қоршаған әлемнің сұлулығын көре біліп, оны қалайша сақтай алатындығын көрсетіп, еске салу.
Көрме қонақтары автордың ерекше ертегі іспеттес әлеміне саяхат жасай алады. Шебердің жұмыстары өмірге баланың көздерімен қарап, әлемді түрлі түстерде көруге мүмкіндік береді. Суретшінің қиял-ғажайып сияқты көрінетін туындылары негізінде нағыз шынайы өмірді бейнелейді.
Назар аударыңыз!
Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.
Бұл күндері музей жабық