Назарбаев орталығы

Назарбаев орталығы

Астанадағы тағы да бір ерекше ғимарат – Назарбаев орталығы.Оның британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасы бойынша жасалған өзгеше сәулеттік келбеті қазіргі Қазақстанның өмірлік қуатын білдіреді. Ол аспанға қадалған үлкен көз сияқты.

9 қабатттан тұратын Назарбаев орталығы ғимаратының көлемі 28 мың шаршы метр.Кітапхананың жалпы сақтау қоры 460 мың кітапқа, ал олардың ішіндегі жабық қорлар – 200. Бұл құрылыстың техникалық ерекшелігі шатырының құрылымында. Соның арқасында ойықтың диаметрі 81 метрге дейін жетеді. 500 адамға дейін сыятын бұл жерде әр түрлі шаралар өткізіледі.

«Назарбаев орталығының» басты міндеті - Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеп, дәріптеу және Президенттің тарихи мұраларын қолдау арқылы ортақ және белсенді ақпараттық кеңістік қалыптастыру және оны жетілдіру.

Орталық қызметінің мақсаты: азаматтық пен отансүйгіштік принциптерін нығайту, Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа да салалардағы халықаралық ынтымақтастығының дамуына қолдау көрсету, Қазақстан туралы, оның әлемдік қоғамдастықтағы ролі мен орны туралы білімді кеңейту
Бару ұсынылады