«Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы

«Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы

Бағасы: ~500 тг.
Мекенжай: Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы

Салтанат қақпасының биіктігі – 20 метр. Бұл – Қазақстан тәуел­сіздігінің 20 жылдығының айғағы. Арканың ішкі тұсында өрілген баспалдақпен Шолу алаңына шығуға болады. Арканың өн бойы қа­зақтың ою-өрнегімен бедерленген. Төрт босағасына төрт мүсін орнала­стырылған. Олардың барлығы Қазақ елінің сан ғасырлық тарихында өлшеусіз үлес қосып, ерен еңбек сіңірген адамдардың жинақталған сипаты. Бірі – даналық пен парасаттылық нышаны – ақ сақалды ата болса, екіншісі – мейірімділік пен бауырмалдықтың белгісі – ақ жа­улықты ана бейнесінде. Үшінші және төртінші мүсіндер ұлан-ғай­ыр жерімізді ата жауларымыздан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған айбынды батырымызды дәріптейді. Қақпаның маңдайшасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Ал бір бүйіріне бедерленетін тайқазан егемен еліміздің ешқашан сарқылмас ырысын бейнелейді. Тайқазанның үстіне ілінген қалқан – қарсы келгенді қасқайып қарсы алатын қаһармандықтың белгісі. Ішкі қабырғасындағы ойықта әр дәуірдегі қазақ елінің даму белестері бедерленіп жазылған. Тәуелсіздіктің заңдық тұғыры – Қа­зақстан Республикасының Тәуелсіздік Декларациясы, Ақорда мен Бәй­теректің бейнелері басылған.

Ақпарат «Әдебиет» ҚБ «Астана» кітап-альбомынан алынды

Бару ұсынылады