«Хас Санат» галереясі

«Хас Санат» галереясі

Мекенжай: Қонаев к-сі 14, (ЖК «Нұрсая 1»)

«Has Sanat» өнер галереясы 2003 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылды. Өнер галереясының негізгі қызметі Астана тұрғындарын, қала қонақтарын Қазақстанның және шетел суретшілерінің әр кезеңдегі шығармашылығымен таныстыру болып табылады. Сонымен қатар «Has Sanat» өнер галереясы әлемнің көптеген мәдени орталықтарында презентациялар, көрмелер ұйымдастыру арқылы еліміздің бейнелеу өнері шеберлерін әлемге танытуда. Жас дарындардың шығармашылығын назарға алып, қолдау көрсету, жас суретшілерге шығармашылық орта құру - өнер галереясының маңызды бағыттарының бірі.

Бүгінгі күні галерея 70-тен аса үлкен көрме ұйымдастырды, оның ішінде Мәскеу, Варшава, Вроцлав, Берлин, Штутгард, Мюнхен, Франкфурт, Амстердам, Эйндховен, Гаага, Вена, Брюссель, Анкара қалаларында да. Өнер бағалаушыларға реализмнен контемпорэри артқа дейінгі бейнелеу өнерінің сан алуан кескіндеу, графика, мүсіндеужәне гобелен сияқты бағыттарын көрсететін әр түрлі жанрдағы және әр түрлі сипаттағы топтамалар ұсынылады. Бұндай іс-шараларды өткізу Елордамыздың мәдени дамуына, Қазақстанды шетелде танытуда, оған қоса халықаралық мәдени ынтымақтастық пен шетелдік азаматтардың мәдени байланысуына айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар галереяның ашылған кезінен бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап бірнеше қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

Бару ұсынылады