«Барыс» спорт кешені

«Барыс» спорт кешені

Мекенжай: Тұран даңғылы, 57
Мүмкін Қазақстанның басқа қалаларында ең негізгі спорт түрі футбол шығар, алайда әлемнің көптеген елдеріндегідей, Нұр-Сұлтанда хоккей де маңызды спорт түрлерінің біріне айналды.

Ал мұндағы сүйікті спорт командасы - астаналық хоккей клубы «Барыс». «Барыс» Құрылықтық хоккей лигасының жоғары дивизионында өнер көрсетеді, ал елдегі матчтарын өзімен аттас спорт кешенінде өткізеді. Егер спорттық қойылымның қайталанбас әсеріне бөленіп, жанкүйерлердің қалай дем беретінін көргіңіз келсе, «Барыстың» өнерін тамашалауға міндетті түрде барыңыз.

Спорт кешені 7-Азиадалық ойындардың қасаңында жарыс өткізетін негізгі нысандардың бірі ретінде салынған. Кешенге «Қазақстан» спорт сарайы, Олимпиадалық комитет талаптарына сай мұз айдыны кіреді. «Барыс» хоккей клубының жаттығулары мен ойындарынан басқа мұнда спортшылар басқа да қысқы спорт түрлері бойынша жаттығады.Кешенде мұз аренасы, тренажер залы, хореография залы және кардио-тренажер залы бар.
Бару ұсынылады