«Астана-Арена» стадионы

«Астана-Арена» стадионы

Мекенжай: Тұран даңғылы, 48
Егер бұрын Қазақстан жер шараның түкпір-түкпіріне бейтаныс ел болса, қазір, ХХІ ғасырдың басынан бастап әлемдік БАҚ біздің елімізде өтіп жатқан саяси, мәдени және спорттық сипаттағы ірі халықаралық шаралар туралы кеңінен таратып жатыр. Ел үкіметі әлемдік стандарттарға сай, кейде тіпті асып та кететін спорттық инфрақұрылым құруға қатты көңіл бөліп отыр.

«Астана-Арена» стадионы осындай алғашқы құрылыстардың бірі. Қазақстанда үнемі футбол чемпионаттары өткізіліп тұрады. Жоғары топта ойнайтын үздік командалардың бірі «Астана» осы жерде жаттығып, матчтарын өткізеді. Сондықтан да Астанадағы аренада «үлкен» футбол тамашалауға да мүмкіндік бар.

Стадион ресми түрде 2009 жылы ашылды. «Астана-Арена» - әлемдегі 10 000 шаршы метр жылжымалы төбесі бар алты футбол стадионының бірі. Стадионға 33 000 адам сыяды.

Сондай-ақ, «Астана –Арена» Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының ресми кездесулері өтетін алаң. Ең алдымен, футболға арналып салынған стадион аренаны басқа да спорттық шараларға, мысалы, күрес, дзюдо, бокс өткізуге ыңғайлауға да мүкіндік береді.
Бару ұсынылады