«Алау» мұз сарайы

«Алау» мұз сарайы

Мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы, 47
АСТАНАНЫҢ СПОРТ ҚАҚПАСЫ

«Алау» қалаға кіру қақпасы.

Бұл Астанаға ұшып келе жатқан әрбір адам көретін ең бірінші  ғажайып құрылыс.  
Сәулетшілерді «Алау» мұзайдыны сарайын жобалауда Қазақстан табиғаты шабыттандырды: ғимараттың қасбетіндегі жасыл элементтер - қары еріп ашылған ойдым-ойдым  көктемгі жазық дала, үш сары әкімшілік мұнара - күннің көзіне ұмтылған алғашқы бұтақтар.

Мұзайдыны сарайының архитектуралық тұжырымдамасының бейнесі түс шешімдері арқылы үш табиғат күші ұйғарылған сарай логотипінде көрініс тапты.

Жасыл түс жаңаруды, жастықты, көктемді білдіреді.
Көк түс – мұз алаңын бейнелейді - бұл біздің нысанның негізі.
Қызғылт сары – бұл біздің нысанның атауы.

Бұл табиғат күштерінің бірігуі біз үшін – қуат көзі. Осы тіркесімнің арқасында біз «жалынды мұзға» ие боламыз. "Алау" – бұл екпінді, кең пейілді және жігерлі жоба, оның командасы әрқашан жаңа жетістіктерге ұмтылады, спортшылары – жаңа рекордтарға.

Сарай мұзында өткен VII Қысқы Азия ойындарының барысында 9 континенттік рекорд орнатылды. «Алау» қазақстандық рекорд орнататын орын мәртебесін ғана емес, сондай-ақ әлемдегі коньки тебу стадиондар рейтингінде 6 орынға (641 орын арасында) ие болды.

«Алау» - «шапшаң мұзды» құруға жол беретін, заманауи жабдықтармен жабдықталған әлем деңгейдегі мұзайдыны сарайы.  Бірегей құрылымның және орналасуының арқасында, ғимарат еліміздің астанасының көзге көрінерлік орындарының бірі және елордамызға апаратын спорт қақпасы болып саналады.

Спорт кешенінің қабырғасында ірі халықаралық жарыстар, оқу-жаттықтыру жиындары өтеді. «Алауда» конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек , шайбалы хоккей, допты хоккей, кёрлинг спорт түрлері халыққа таратылады.  Күнделікті Нұр-Сұлтан қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектептерінің 500 тәрбиеленушілері ақысыз негізде осы спорт түрлерімен айналысады.

2011 жылдан бастап чемпиондық мұз жаппай сырғанай күндері әуесқойлар үшін де қолжетімді болды, енді кез келген келуші конькиге тұра алады. «Жаппай сырғанау» жобасы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жұмыс істейді, ал мамыр айынан – тамыз айына дейін «Жазғы спорт орталығы» өз жұмысын бастайды.
Бару ұсынылады