Сайт қол жетімді емес

Күшті жүктемеге байланысты сайт бірнеше минуттан кейін қайта жұмыс істейді.

Сайт недоступен

Ввиду сильной загруженности сайт возобновит работу через несколько минут

The site is unavailable

Due to heavy load, the website will resume operation in a few minutes.

Получите консультацию!

Visit Astana

Сіздің ақылды ботыңыз

Visit Astana

Сәлем! Мен Астана қаласы бойынша сіздің көмекшіңіз және гидіңізмін.
Мен сізге қалай көмектесе аламын?

  • Басты бет
  • Турлар
  • Туры по городу
  • АЛЖИР-ге экскурсия (Отан сатқындарының әйелдеріне арналған Ақмола лагері)
Explore Qazaqstan
Бағасы: бастап 5300 тг
АЛЖИР-ге экскурсия (Отан сатқындарының әйелдеріне арналған Ақмола лагері)

Экскурсияның қысқаша сипаттамасы:
Азамат соғысы кезінде Кеңес өкіметі өздерінің таптық және идеологиялық қарсыластарын арнайы концлагерьлерде оқшаулай бастады. Репрессия жылдарында, 1934 жылы ГУЛАГ (Лагерьлер мен қамау орындарының бас басқармасы) құрылды. 1938–1953 жылдары бүкіл КСРО-дан 20 мыңнан астам әйелді қамтыған Отан сатқандарының әйелдеріне арналған Ақмола лагері – «АЛЖИР» ГУЛАГ-тың бөлімшелерінің бірі болды.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені 2007 жылдың 31 мамырында Ақмола облысының Ақмол ауылында ашылды.

Экскурсия бағдарламасы:
Экскурсияны бастау үшін сіз Ақмол ауылына барасыз (Нұр-Сұлтан қаласынан 30 км). Экскурсия музейді аралаудан басталады. Музей қорған түрінде салынған. Музей экспозициясы екі қабатты алып жатыр. Сіз Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихымен, сондай-ақ лагерьдің толық тарихымен таныса аласыз.

Одан әрі кешен аумағын аралап, музей-мемориалдық кешенде орналасқан ескерткіш нысандарды көресіз. Сіз «Сталин вагонын» (айдалып келгендер мен сотталғандарды тасымалдауға арналған), «Қасірет қақпасын» (қасиетті жерге кіреберісті білдіретін монумент) көре аласыз.

Сондай-ақ, «Үміт пен күрес» және «Үмітсіздік пен дәрменсіздік» атты композициялар сізге сынбай, қайсарлық танытқан әйелдердің рухын сезінуге көмектеседі. Жеті мың әйелдің аты-жөні Қамқорлық қабырғасына қашалып жазылған, ал тұтқындар жеміс өсірген «Алаш» саябағында әлі күнге дейін бір салқын лебі бардай сезіледі.

Экскурсия соңында қалаға оралу. 

Турдың ұзақтығы
4 – 4,5 сағат
Өтініш беру

Баруды ұсынамыз

«Қоқиқаз ізінде» — Қорғалжын қорығына саяхат.

«Қоқиқаз ізінде» — Қорғалжын қорығына саяхат.

Бір күндік тур: Қорғалжын қорығына саяхат

Бір күндік тур: Қорғалжын қорығына саяхат

Астанадан АЛЖИР-ге бір күндік тур

Астанадан АЛЖИР-ге бір күндік тур

Бурабай ұлттық паркіне бір күндік тур

Бурабай ұлттық паркіне бір күндік тур

Бурабай – шабыт маршруты

Бурабай – шабыт маршруты

АЛЖИР және Бейбітшілік пен келісім сарайы

АЛЖИР және Бейбітшілік пен келісім сарайы

Торғай тәжi

Торғай тәжi

Ұлы Даланың жады

Ұлы Даланың жады