• ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
kz
  • kz
  • ru
  • en
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
  • ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Артқа
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК

1999 жылдың 9 ақпанында Астана қаласы мемлекеттік филармониясы жанынан «Наз» халық би ансамблі құрылды.

2007 жылдың 1 наурызында қала әкімінің шешімі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«НАЗ» мемлекеттік би театры болып өз алдына шаңырақ көтерді.

Театрдың іргетасын қалаған кәсіби хореографтар Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтар. Директордың орынбасары – Серікбаева Дамет Қайроллақызы

Театрдың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңір- ген қайраткері» – Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы

 

Репертуардағы қойылымдар:

Концерттік бағдарламалармен қатар хореографиялық би спектакльдерінен де құралған. 2005 ж. «Тұйғындар» би спектаклі (Күлтегін заманынан бастап, көк байрағымыздың желбіреп

тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи заманды бейнелейтін қойылым)

2008 ж. «Ақ пен қара» хореографиялық композиция (Балаларға арналған шығарма)

2009 ж. «Балеро» хореографиялық композиция (Фламенко нақышында қойылған махаббат оқиғасы)

2010 ж. «Нұрғиса» би спектаклі (Халық қаһарманы, композитор Н.Тілендиевтің музыкалық шығармаларының негізінде қойылған ұлы тұлғаға арналған портреттік қойылым)

2013 ж. «Мың бір түннің бір түні» би спектаклі (Шаһризада ертегісінің желісі бойынша қой- ылған шығыс ертегісі)

 

Жүлделер мен марапаттар:

2001 ж. II Республикалық Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би конкурсының лауреаты (Орал) 2001 ж. IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран При иегері; 2002 ж. «Наз» халық би ансамблі Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты;

2003 ж. Новосибирск қаласында өткен II халықаралық хореографтар конкурсының лауреаты (Ресей);

2004 ж. «Алтын мүсін» иегері (Қытай);

2017 ж. М. Эсамбаев атындағы IX Халықаралық фестивалінің лауреаты (Грозный)

Театрда 130 қызметкер бар. Шығармашылық құрамы – 65; «Қазақстанның еңбек сіңірген қай- раткері» – 2;

“Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегерлері: – 7;

 

Гастрольдік сапарлар:

«Наз» мемлекеттік би театры «Worldfestival Parad Brunssum» (Еуропа), «Warffum» (Нидерлан- ды), «Алтын Қарагөз» (Түркия), Ресей, Франция, Бельгия, Қытай, БАӘ, Чехия, Болгария, Катар, Норвегия, Израиль, Украина елдерінде болды.

Катардағы Жазғы олимпиада ойындары (2005), VII қысқы Азия ойындары(2011), «Астана 2012 – түркі әлемінің мәдени астанасы» (2012), «Уфа – бірлік пен достастық қаласы» (2012), «EXPO-2017» халықаралық көрмесі сынды ауқымды іс-шараларға атсалысып келеді.

Театрдың басты мақсаты: Ұлттық фольклорды насихаттау және қазақтың ұлттық билерін да- мыту

Мекенжайы: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Омаров к., 47Б

Телефондары: +7 (7172) 53 25 48, +7 (701) 149 09 01

Театрдын афишасы
ҚР 30 жылдығына арналған «Тheatre ALL» фестивалінің театр апталығында «Наз» би театры «Әзім әңгімесі» хореографиялық спектаклін ұсынады.
Көру
Сатып алу
29.10.2021
«ҚР 30 жылдығына арналған «Тheatre ALL» фестивалінің театр апталығында «Наз» би театры «Әзім әңгімесі» хореографиялық спектаклін ұсынады.»
Е. Ағымбаев

Абай Құнанбайұлының «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» шығармасының желісі  бойынша қойылған хореографиялық спектакль.

Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: «Мың бір түнде» мұндай ғажайып оқиғалар сан рет кездесе береді ғой. Әйтсе де, «Әзімнің» олардан бір айырмасы –  алхимия мәселесінің сөз болуы деп жазады.

Бұл қойылым А.Құнанбайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады.

Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөйшал – солардың бірі. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған апжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Бірақ, бидің соңында олар кенеттен екі жаққа айрылысып  кетеді.

Қоюшы хореографтар: С.Дүзбаев, А. Беглова, Ұ. Изенаев, М.Байбулова

Қоюшы-режиссер: Қ. Ағымбаева

Авторы: Е. Ағымбаев

Музыка авторы және музыкамен өңдеген: Қ. Ержан

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры – Е.Ағымбаев

«ТҰЙҒЫНДАР» хореографиялық спектаклі.
Көру
Сатып алу
31.10.2021
««ТҰЙҒЫНДАР» хореографиялық спектаклі.»

Қоюшы хореографтар - Е.Ағымбаев, Қ.Ағымбаева, М.Айтмағамбетова.

Қойылым қазақтың көне тарихынан сыр шертеді. Яғни, Қазақ хандығы құрылмай тұрып, VI-XI ғасырлар аралығында қазақ жерін мекендеген Cақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, одан әрі Түрік қағанатының құрылуы кезеңдерін бейнелейді.

Қойылымды «Тұйғындар» деп атаған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Түркітану-алтайтану орталығының директоры, доктор, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы.

Ертеде «Тұйғын» деген құс болған. Сонымен қатар, әскердің ең алдында жүретін барлаушы топты да «Тұйғындар» деп атаған екен. Бұл жауынгерлер тұтқынға берілмеген және ешқашан кейін шегінбеген.

Қойылымның басты мақсаты – тасқа жазылған тарихымызды сахнада көркем дүниеге айналдырып, көрерменнің рухын ояту. Спектакль барысында Орхон-Енисей ескерткіштері, балбал тастар сахна төріне шығып, құпиясын ішіне бүккен тарих парақтары ашылады.


БАҒДАРЛАМА
«ТЕАТР ALL» халықаралық театр фестивалі
  • 2 күн 29.10
  • 4 күн 31.10
  • Время
    Время
    11:30
    Е. Ағымбаев, Қ. Ағымбаева «Әзім әңгімесі» /Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектакль/
  • Время
    Время
    17:00
    Е. Ағымбаев «Тұйғындар»/хореографиялық тарихи би спектаклі/
Басқа театрлар
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
«Астана Балет» театры
«Астана Балет» театры
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
Музыкалық жас көрермен театры
Музыкалық жас көрермен театры
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Partner
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Барлық құқықтар қорғалған © 2025
Әзірленген: Logo Kazinsys