• ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
kz
  • kz
  • ru
  • en
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
  • ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Артқа
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»

     Жастар театры – сан қырлылығымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықты түрде белгілеген, жас та болса, жасампаз өнер ордаларының бірі. Небәрі 14 жылдық тарихында халықаралық, республикалық деңгейдегі байқаулардан 13 бірдей Гран-При жүлдесін қанжығасына байлауы – жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем.

Жастар театры елорда әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айының 5-ші жұлдызында құрылды. Өнер ордасы өз шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбаевтың «Шыңғысхан» спектаклімен (инсценировка авторы Жаныш Құлмамбетов, қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) түрді. Театрдың тұңғыш директоры қызметіне Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов тағайындалса, 2013-2015 жылдары театр тізгіні Жаудыр Айболатта, ал 2015-2020 жыл- дар аралығында Ернар Жұматаевта болды.

2020 жылдың қыркүйек айында Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, белгілі театр және кино актері, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік стипендиясының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Әділ Ера- лыұлы Ахметов Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша театрымыздың директоры Әділ Ахметов «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.

«DIMF-2020» XIV Халықаралық мюзикл фестивалінің биылғы өту форматы ерекше болды. 2007 жылдан бері қатысқан 61 мемлекеттің ішінен 284 қойылымның арасынан іріктеліп, ең үздік 9 қойылым, /оның ішінде Жастар театры/ әлем назарына ұсынылды. Атап айтар болсақ, Слова- кия, Қытайлық Тайпей, Франция, Қазақстан, Франция, Словакая, Қытай, Испания, Қытай ел- дерінің қойылымдарын көрермендер тамашалай алды.

Фестиваль 23 қазан мен 1 қараша аралығында DIMF-тің /Deagu International Muzical Festival/ YouTube каналынан онлайн түрде әлем назарына ұсынылды. Қазақстан мемлекеті атынан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының «Жібек» мюзиклін (авторы – Ғ.Мүсірепов, музы- касын жазған – Е.Брусиловский) 26-27 қазан күндері көрермендер тамашалады. Спектакльдің режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.

Бүгінде театр репертуарында 50-ге тарта спектакль бар. Көпшіліктің қошеметіне ие болған өнер туындыларының әрқайсысы - айрықша атап өтуге лайық.

Мекенжайы: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Есенберлин к., 10

Телефондары: +7 (7172) 38 01 08, +7 (7172) 39 26 48

Театрдын афишасы
«Асауға тұсау»
Көру
Сатып алу
29.10.2021
««Асауға тұсау»»
У. Шекспир

Режиссёр-постановщик Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ

комедия

СИПАТТАМА

Режиссерлар –

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Дәурен СЕРҒАЗИН

«Асауға тұсау» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өр мінезді Петруччио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа Кейіпкерлер мен орындаушылар: дің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі.

Жарасымды қалжыңымен баурап, көркемдік құдіретімен еліктіре түсер шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты. Оқиға көңілді музыка мен орындаушылардың пластикалық шеберліктерінің арқасында көркемдік тұрғыдан жаңа белеске көтерілді.


Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым
Көру
Сатып алу
31.10.2021
«Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым»
Т. Ахметжан

Режиссёр-постановщик Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ

мюзикл

РӨЛДЕРДЕ

Жігіт - Мейірғат Табиғатұлы АМАНГЕЛДИН

Қыз - Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА

СИПАТТАМА

Көл жағасына демалуға келген жас жігіт жағалаудан өзінің қиялындағы аруын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: сұлудың некелі жары бар екен.

Иә, махаббат бар жерде қарсылық қатар жүреді. Қайшылықпен бетпе-бет келгенде, сезімнің де, өнердің де ішкі қарсылық қалыптастырары сөзсіз. Махаббат қолжетімсіз болған сайын, оған деген ессіз құштарлықтың өрши түсері – өмір заңдылығы. Міне, осы шарасыздықтың шыңында ұлы сезім –МАХАББАТ тұр.

Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдердің әсері музыка тілінде үн қатқанда тіпті күшейе түспек. Жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменін де бей-жай қалдырмасы анық.


БАҒДАРЛАМА
«ТЕАТР ALL» халықаралық театр фестивалі
  • 2 күн 29.10
  • 4 күн 31.10
  • 5 күн 1.11
  • Время
    Время
    19:00
    У. Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/
  • Время
    Время
    19:00
    Театр «Жастар» Т. Ахметжан «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» /мюзикл
  • Время
    Время
    15:00
    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің инклюзивті театрының қойылымын көрсету
Басқа театрлар
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
«Астана Балет» театры
«Астана Балет» театры
Музыкалық жас көрермен театры
Музыкалық жас көрермен театры
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Partner
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Барлық құқықтар қорғалған © 2025
Әзірленген: Logo Kazinsys