• ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
kz
  • kz
  • ru
  • en
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
  • ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Артқа
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»

    Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері-Ақтоқты» трагедиясымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды.

    Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайраткерлері: Жақып Омаров, Қадыр Жетпісбаев, Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мамбетовтер жетекшілік еткен.2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.

    Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымында: көркемдік жетекші – танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Қыстықбаев, режиссерлер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Б.Ұзақов, Н.Жұманиязов, Ә. Оразбековтер қызмет етеді. Театр директорының қызметін – Е.Джуматаев атқарады.

    Актерлық құрамында – 101 актер. Симфонилық оркестр мүшелері – 72. Халық аспаптар ансамблінде – 15 өнерпаз бар. Жалпы штат 580 қызметкерден тұрады.

    Тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрына биыл 30 жыл. 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елорданың асқақ сәулетіне сән берер жаңа театр ғимараты бой көтерді. Бұл - Мемлекетеміздің өнерге деген айрықша қамқорлығы деп білеміз. 2020 жылы 26 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев театрдың жаңа ғимаратымен танысып, шығармашылық ұжыммен кездесті. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 645 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.

    Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, ұлттық және әлемдік драматургиямен толықтырып келеді. Елімізде және шет елдерде өткен бірнеше театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыт-бағдары айқын. Ол – қазақтың театр өнерін өркендету, сөйтіп кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсету.

    Театр репертуарында өндірісте – драма,трагедия, лирикалық драма, комедия жанрында 25 спектакль, балаларға арналған 3 ертегі бар.

Театрдын афишасы
Жұбайлар жұмбағы
Көру
Сатып алу
30.10.2021
«Жұбайлар жұмбағы»
И. Штраус

«Жұбайлар жұмбағы» - ХІХ ғасырда әйгілі австриялық композитор Иоганн Штраустың қаламынан туындаған музыкалық шығарма. Туынды алғаш сахнаға шыққан сәтінен бастап театр көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген. Филиграндық иронияға және нәзік әзілге құрылған  музыкалық комедияның мелодрамалық және комедиялық стилі көрерменге оңай қабылданады, ал жағымды, қарапайым музыкасы мереке мен бақыт сезімін сыйлайды.

«Жұбайлар жұмбағы» шығармасының сюжеті әрқашан өзекті болып табылады. Себебі онда отбасылық өмірдің, ерлі-зайыптылық қатынастардың, махаббат пен қызғаныштың, қуаныш пен қайғының мәңгілік мәселелері сипатталған. Шығарманың басты кейіпкерлері кездесетін ерекше жағдай көрермен үшін бүкіл эмоциялар палитрасын ашады. Опасыз Эйзенштейн әдемі бейтаныс кейпінде пайда болған өзінің әйеліне ғашық болуға мәжбүр болады, ал  сұлу да сымбатты Розалинда ескі сезімдерді қалпына келтіру және отбасылық ошақты сақтау үшін әйелдердің даналығы мен сүйкімділігінің жаңа қырларын түсінуі керек.

Жұбайлар өмірінде сыр мен жырға, жұмбаққа толы сәттер көп кездеседі. Олардың арасында жазылмаған заңдылықтар мен ережелер болады. Ерлі-зайыптылар тұтастығы мен ерекшелігін сақтап қалуда жасалған әрекеттер махаббат заңымен ақталып, қолдау табады.

Құнанбай
Көру
Сатып алу
29.10.2021
«Құнанбай»
Т. Әсемқұлов
Өткен уақытқа өкініш бар ма? Бәрі Алланың ісі. Қазақты қашан сыртқы жау алып еді... Ата-бабаның салтынан аттап шариғатты бұзған имансыз, ел естімеген сұмдыққа барған азғынды қазір болса да аяман. Өңешін өз қолыммен суырып алар едім. Алдағы сергелдең заман болжаусыз қара мұнар дәуірге өзімнің жұтылып бара жатқанымды анық сезем. Не амал бар? Шығар жол қайда?
БАҒДАРЛАМА
«ТЕАТР ALL» халықаралық театр фестивалі
  • 2 күн 29.10
  • 3 күн 30.10
  • Время
    Время
    19:00
    Т. Әсемқұлов «Құнанбай» /драма/
  • Время
    Время
    19:00
    И.Штраус «Жарқанат» /музыкалық комедия/
Басқа театрлар
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
«Астана Балет» театры
«Астана Балет» театры
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
Музыкалық жас көрермен театры
Музыкалық жас көрермен театры
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Partner
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Барлық құқықтар қорғалған © 2025
Әзірленген: Logo Kazinsys