"ARTUMAR" өнер галереясы

"ARTUMAR" өнер галереясы

"ARTUMAR" өнер галереясы 2006 жылы Алматы қаласында құрылған. Галерея бейнелеу өнерін дәріптеу, дарынды суретшілерге жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын жинау, қолдау, дамыту және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында құрылған. 2014 жылдан бастап Галерея Астанада қаласында жұмыс атқарып отыр. Біздің Галереяның залдарында кескіндеме, графика және мүсінді қамтитын 1500-ден астам өнер туындылары бар.

Біздің экспозиция:

Өнер галереясының экспозициясы кең және әр түрлі болып келеді. Маңызды бөлімді қазіргі заманғы өнер суретшілерінің шығармашылығы алып тұр. Сондай-ақ, галерея қазақ өнерінің майталман шеберлерінің, алпысыншы жылғы суретшілерінің ең құнды картиналарын сақтайды, олардың танымалдылығы жылдар өткен сайын артып келеді. Сол суретшілердің қатарына: М. Кенбаев, С. Айтбаев, Ж. Шарденов, Ә. Исмаилов, С. Мамбеев, И. Стадничук, М. Калимов, С. Калмыков, Т. Тогузбаев, В. И. Антощенко-Оленев, Ә. Сыдыханов, К. Каметов, Б. Тюлькиев, А. Дячкин, Н. Гаев, О. Кужеленко, И. Исабаев, Б. Табиев, Н. Хлудов, Н. Гинзбург және басқалары кіреді. Олар сөзсіз қазақстандық өнер шеберлері және мәдениетіміздің құнды қазығы болып табылады.

Біз не ұсына аламыз?

Бізде бағыты бойынша кескіндеменің барлық жанрларын қамтитын әр түрлі стильде жазылған картиналар, авангардты өнер, абстракция, классикалық өнер, дәстүрлі өнер, қазіргі заманғы кескіндеме, соцреализм өнері, этюдтер, эскиздер, графикалық беттер, мүсіндер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, түрлі кәдесыйлар бар.

Галерея кескіндеме, мүсін, графика және қолданбалы өнердің тұрақты көрмесі мен сатылымы форматында жұмыс істейді. Бұл жерде елорда тұрғындары мен қонақтары көрмемен танысып, өздеріне қызықты, Қазақстанмен байланысты естелік сыйлықтарды сатып ала алады. Егер сіз жарқын көркем әсерлерден ләззат алуды білсеңіз, үйіңізді немесе кеңсеңізді картиналармен безендіргіңіз келсе немесе VIP сыйлық алғыңыз келсе, «ARTUMAR» арт галереясына кіріп көріңіз. Сізге ұнайтынына сенімдіміз. 

Галерея күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін ашық, жексенбі демалыс күні.

Бару ұсынылады