Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Е495 к-сі, 2
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Қазақстан астанасын Алматыдан көшіруге байланысты 1997 жылы Нұр-Сұлтанда ашылған болатын.

Аурухананың басты мақсаты мемлекеттік қызметшілерге және Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету болып табылады. Медициналық қызметтерді барлық ниет білдірушілер ақылы негізде ала алады.

Қазіргі уақытта аурухана медициналық қызметтің 1444 түрін көрсетеді, әлемге әйгілі фирмалардың 900-ден астам емдеу-диагностикалық және қосалқы аппаратуралары жұмыс істейді. 2018 жылы келушілер саны 575 497 құрады.

Аурухана Стационары:

Медициналық бағыттар:
  • терапия;
  • пульмонология;
  • гастроэнтерология;
  • кардиология;
  • ревматология;
  • неврология;
  • эндокринология;
  • оториноларингология;
  • нейрохирургия;
  • гинекология;
  • Жалпы хирургия;
  • травматология;
  • ортопедия;
  • Көз микрохирургиясы;
  • урология;
  • Жалпы хирургия;
  • кардиохирургия және тамыр хирургиясы;
  • Трансфузиология кабинеті бар операциялық блок.

Емхана:

  • Амбулаториялық хирургия орталығы;
  • Стоматологиялық бөлім;
  • Экстракорпоралдық гемокоррекция бөлімшесі;
  • Гипербарикалық оксигенация бөлімшесі;
  • Емхананың күндізгі стационары;
  • Жүкті әйелдерді жүргізу жөніндегі акушерлік-гинекологиялық бөлімше;
  • Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы;
  • Ақылы қызмет көрсету бөлімі және аллергология орталығы.