Сайт қол жетімді емес

Күшті жүктемеге байланысты сайт бірнеше минуттан кейін қайта жұмыс істейді.

Сайт недоступен

Ввиду сильной загруженности сайт возобновит работу через несколько минут

The site is unavailable

Due to heavy load, the website will resume operation in a few minutes.

Получите консультацию!

Visit Astana

Ваш умный бот

Visit Astana

Привет! Я ваш помощник и путеводитель по городу Астана.
Чем я могу вам помочь?

Астанада Конституцияның 30 жылдығына орай кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

internal-image
Бүгін еліміздің басты құжаты – Конституциямыздың 30 жылдық мерекесі қарсаңында Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Шара аясында Астана қаласы әкімінің тарапынан қоғамның игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекеме өкілдерінің ел дамуына қосқан елеулі үлесі аталып, Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара барысында басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
«Экономиканы дамыту, инвестициялық тартымдылықты арттыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы барлық реформалар мен бастамалар Конституция нормаларына сай жүзеге асырылып келеді. Ата Заңымыз – бизнестің дамуына құқықтық кепілдік беріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне берік негіз болды», – деді ол өз сөзінде.

Бұл марапат - қызметкерлердің кәсіби табандылығы мен жауапкершілігінің жоғары бағасы ғана емес, сонымен қатар еліміздің даму жолындағы сүбелі үлесінің айқын көрінісі болып табылады.